Өрт - тілсіз жау. Тілсіз жаудың күшейер уақыты көктем мезгілі. Көктем және жаз мезгілдеріндегі дала өрттері ауыл шаруашылығы мен қоршаған ортаға үлкен шығын алып келетіні анық. Сол себепті «Қарғалы қаумалы» қызметкерлері көктем мезгілінде аудан аумағында дала өрттеріне байланысты сақтық шараларын арттыра түседі. Жылдың төрт мезгілінде тыным таппайтын мекеме қызметкерлері ірі дала өрттеріне жол бермеу үшін түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, жергілікті атқарушы органдармен, шаруа қожалық қызметкерлерімен бірлесе отырып түсіндірме жұмыстарын жүргізіп отырады.

Дала өрттерінің шығу себептері ең алдымен адамдардың ағаш өртінің болу себебін білмеуінен және сақтық шараларын сақтамауынан болады. Елді мекендерде ашық отты дұрыс пайдаланбау, дала өсімдіктерін қасақана өртеу, темекі қалдығын толық өшірмей тастау секілді себептерден де дала өрті өршіп отырады.

Орман өрті мен дала өртінің қиындығы табиғи байлығымызға, адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғамға үлкен әсерін тигізеді. Сол себепті, барша адамзатты дала өрттерінің шығу себептерін білуге және сақтық шараларын қатаң түрде ұстануға шақырамыз.

 «Қарғалы қаумалының»  аң шаруашылық маманы Г.Утеуов